"Жас Отан" жастар қанаты
“Жас Отан” Жастар Қанатының негізгі мақсаттары:
Қазақстан Республикасының жастарының әлеуметтік – экономикалық және басқа да жан – жақты дамуына жағдай жасау, интеллектуалды және физикалық потенциалын көтеру, құқықтық, экологиялық, саяси мәдениеттілігін жоғарғы деңгейге жеткізу.
Жас Отан жастар қанатының міндеттері:
© Студент жастар арасында достық, бауырластық және халықтар бірлігі идеяларын насихаттау.
© Жастардың денсаулығын сақтауды насихаттау.
© Әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге колледж тарапынан жеңілдіктерге ұсыну және өзге де жағдайлар жасау.
© Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатын студенттер арасында насихаттау.
© Жастардың әлеуметтік құқығын қорғау.
© Жастардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
© Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына бағыт бағдар беру.
© Талантты жастарға қолдау көрсету.
© Жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, коммерциялық емес жастар ұйымдарымен қарым-қатынасты нығайту.
© Колледжде жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
© Колледжде, топта оқу-тәрбие үрдісін жоғары сатыға көтеруге және ұйымдастыруға қатысу;
© Олимпияда, ғылыми конференция сияқты білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
© Бағыт бойынша байқау, конкурс, фестивальдарды ұйымдастыру;