
"Алаш ұлдары" жеңіс шыңында!
Жайдарман чемпиондары
- Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі “Алаш ұлдары”
- Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті “Альянс”
- Д.Қалматаев атындағы Семей медициналық колледжі “Жаңа құрама”
- Қазақ инновациалық университеті “Азия”
- Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті “Серілер”
Ойын өте тартысты өтті. Осы жолы командалардың барлығы өте жоғарғы дайындықта келген.
Өздерінің өзекті ойындарымен, салмақты әзілдерімен көрермендердің және қазылардың көңілінен шыға білген «Алаш ұлдары» жайдарман тобы, бірінші сайыстан бастап алға ұмтылып төрт сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынмен осы маусымға нүкте қойды.
Жалпы ойын қорытындысы бойынша:
Бірінші орын – Алаш ұлдары.
Екінші орын – Серілер.
Үшінші орын – Жана құрама.
Төртінші орын – Альянс.
Бесінші орын – Азия.
Бүкіл маусым бойынша үздік ойыншы номинациясын «Серілер» жайдарман тобының капитаны Төлеутаев Фархат иеленді.
Биылғы 2013 жылғы маусым «Алаш ұлдары» үшін өте сәтті болды. Себебі келесідей жетістіктерге жетті:
-«Маусым ашар чемпионы» 2013 номинациясы.
-«Үздік әзіл» номинациясы.
-Астана қаласында өткен Республикалық Жайдарман ойындарының Премьер лигасының жартылай финалына дейін жетті.
-2013 жылғы қорытынды бойынша Семей КВН филиалының Чемпионы атанды!
Жігіттерге тілеріміз келесі маусымда тек қана Сәттілік!